Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының үш ауданында алдағы аптадан бастап ыстық су уақытша өшіріледі

Опубликовано:

Ыстық су
Су. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сондықтан коммуналдық қызметтер 10 маусымнан бастап кейбір үйлерде ыстық суды өшіре бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кейбір үйлерде ыстық сумен жабдықтау қызметіне уақытша шектеулер енгізіледі", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, мынадай көшелер мен тұрғын үй кешендерінің контурында орналасқан тұрғын-жай мен өзге де ғимараттарға ыстық су берілмейді:

Түрксіб ауданы:

  • 10-14 маусым аралығында Кассина – Жұмабаев – Бехтерев – Будённый көшелерінің контурында;
  • 10-21 маусым аралығында Рихард Сорже – Чехов – Молдағалиев – Ақан Сера көшелерінің контурында;
  • 20 маусым мен 10 шілде аралығында Лавренева – Дөнентаева – Соболева – Зимняя көшелерінің контурында;
  • Гете – Новосибирская – Майлина – Заславский; Бекмаханова – Свободная – Бекмаханова – Сүйінбай;
  • Сүйінбай – Хмельницкий – Поддубный – Дөнентаев; 20 маусым мен 11 шілде аралығында Собинов – Поддубный – Монтажная – Беринг көшелерінің контурында;
  • 24-28 маусым аралығында Орджоникидзе – Кожедуба – Гете – Читинская көшелерінің контурында;
  • Элеваторская – Щелково – Сүйінбая – Щелково; Таласская – Кассина – Дулатова – Монтина.

Жетісу ауданы:

  • 24-28 маусым аралығында Шекспир – Эйхе – Жайсаң – Терешкова көшелерінің контурында.

Медеу ауданы:

  • 24-28 маусым аралығында Шахтинская – Демченко – Атбасарская – Аяз би көшелерінің контурында.

"Келтірілген уақытша ыңғайсыздарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп қосты "Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112138-almatynyng-ush-audanynda-aldagy-aptadan-bastap-ystyq-su-uaqytsha-oshiriledi/