Қазақстандық СІМ АҚШ-тың Газадағы қақтығысты реттеу туралы бастамасын қолдады
Жарияланған күні:
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ақ үйдің Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі бейбіт бастамасын қолдады деп хабарлайды ҚР СІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ҚР СІМ өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлағандай, Қазақстан Қазақстан халықаралық қауымдастықтың Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерін барынша қолдайды.
"Ақ үйдің Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату, кепілге алынған адамдарды босату, гуманитарлық көмекті қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың қолдауымен Газа секторын қалпына келтіру жайлы негізгі ережелерден тұратын бейбітшілік бастамасын құптаймыз.
Ұсынылған шаралар жүзеге асырылған жағдайда, олар бейбіт тұрғындардың қазасы мен құрбандар санын тоқтатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірде бейбітшілік орнауының алғышарты бола алады деген үміт білдіреміз.
Ұзақ жылға созылған қақтығыстың жалғыз шешімі ретінде "екі халық үшін екі мемлекет"формуласы негізінде астанасы Шығыс Иерусалим деп белгіленген Палестина Мемлекетін құру туралы Қазақстанның мызғымас ұстанымын растаймыз", - деп хабарлады ҚР СІМ-де.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112276-qazaqstandyq-sim-aqsh-tyng-gazadagy-qaqtygysty-retteu-turaly-bastamasyn-qoldady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.