jitsu gif branding logo appbranding logo app

Маусымда қай өңірлерде құрғақшылық болады: синоптиктер болжамы жарияланды

Құрғақшылық
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер маусымда құрғақшылық күтілетін өңірлер тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық құрғақшылық мына аймақтарда болады деп болжанды:

  • Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
  • Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
  • Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала және Ақжайық аудандарында;
  • Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарында;
  • Қарағанды облысының Шет ауданында;
  • Ұлытау облысының Ұлытау ауданында;
  • Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында,
  • Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында;
  • Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында.

Сонымен қатар мамандар маусым айында бірқалыпты ылғал Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай және Күршім аудандарында, Абай облысының Бесқарағай ауданында, Алматы облысының Талғар ауданында, Қарағанды облысының Бұқар-Жырау, Осакаров аудандарында және Қарағанды қаласында, сондай-ақ Павлодар мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде болады деп болжады.

Елдің қалған бөлігінде ылғалдық мөлшері осы ай үшін нормаға сәйкес болады деп күтіледі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.