jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық күтіледі

Жазда
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы күндері, яғни 6-8 маусым аралығында Қазақстанда қандай ауа райы болатынын болжады. Еліміздің оңтүстігінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бірнеше облыста жаңбыр жауады. Атап айтқанда, 7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда орталықта, 8 маусымда республиканың шығысында қатты жауын-шашын болады.

Сондай-ақ бұл өңірлерде жаңбыр жауып, күн күркіреп, екпінді жел соғады. Ал елдің солтүстігі, батысы, орталығы мен шығысында бұршақ жаууы ықтимал.

Сипонтиктердің болжамынша, еліміздің оңтүстігінде күндіз +35...+43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +35...+40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Еліміздің батысында 6-7 маусымда күндіз ауа температурасы +30...+38 градус болады, ал 8 маусымнан бастап +25...+30 градусқа дейін төмендейді.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында күндіз сынап бағанасы +22...+30 градустан +20...+25 градусқа дейін шамалы төмендейді.

Қазақстанда алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.