Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жобаға 15,7 триллион теңге: министрлік қыруар қаражатты қандай жобаға құяды

Жарияланған күні:

Аманғали Бердалин фото
Аманғали Бердалин: Фото: Nur.kz/Бақытжан Отарбаева

Мәжіліс отырысы аясында өткен брифингте журналистер ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннен 2024-2028 жылғы арналған "Қуатты ауыл шарушалығы кешені" ұлттық жобасын іске асыру үшін министрлік Үкіметтен 15,7 триллион теңге сұрағанын тілге тиек етіп, мұндай қаржыны қайда жұмсайтыны туралы сауал қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев палата отырысында 2024-2028 жылғы арналған "Қуатты ауыл шарушалығы кешені" ұлттық жобасын іске асыру үшін министрлік 15,7 триллион теңге сұрағанын айтып, бұған дейінгі жобалардың оң нәтиже бермегенін сынаған еді. Журналистер депутаттың сөзін тілге тек етіп, вице-министрден көлемді қаржыны қайда жұмсамақшы екенін сұрады.

"Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдында үлкен мақсаттар тұр. Өнім өндіруді 1,5 есеге арттыруымыз қажет. Біз осы мақсатта жұмыс істеп жатырмыз. Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретіндерге сапалы тұқым, қарашірінді сатып алуға жағдай жасап отырмыз. Сапалы тұқым 2-3 есе көп егін өндіруге мүмкіндік береді", - деді ол.

Сондай-ақ вице-министр ведомство жобаларды біріктіріп жатқанын айтты.

"Біз ауыл шаруашылығына қатысты жобаларды біріктіріп жатырмыз. Қазір ауыл шаруашылығы кешенін дамыту бойынша жоба бар. Бұл ұлттық жобалар ауыл шарушылығы өндірісін арттыруды мақсат тұтып отыр. Өз нарығымызды толық қамтамасыз етуіміз қажет. Жұмыс орындары құрылады. Ұлттық жобада бәрі көрсетілген. Ауыл шаруашылығы кешенін дамыту тұжырымдамасына сәйкес жасалып отыр. Қазір біз өнімді өзінің құнынынан көп шығынға батып өндіріп жатырмыз. Құны арзанға шығуы үшін көбірек өндіруіміз керек. Мәселен, Ресейде гектарына 27 центнер бидай алса, бізде 12, 400 центнер. Біздің өнімді өндіруге көп ақша кетеді, оның құны бәсекеге қабілетті бола алмай отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдері саласының бәрінде осындай жағдай", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113407-bir-zhobaga-15-7-trillion-tengge-ministrlik-qyruar-qarazhatty-qandai-zhobaga-quiady/