Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неліктен Әлия Назарбаеваның компаниясы Астанада әлі қоқыс шығарумен айналысады: әкімдіктегілер түсіндірді

Опубликовано:

Қоқыс салатын контейнер
Қоқыс салатын контейнер. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада қаладағы қоқысты шығарумен айналыстын жаңа мердігерлер анықталды. Бұл ретте Әлия Назарбаеваның компаниясы да қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жалғастырады, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана әкімдігі елордадағы бес ауданның әрқайсысы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау және тасымалдау бойынша мердігерлерді анықтауға конкурс жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаеваның компаниясы "Clean City NC" ЖШС қала бойынша қоқыс шығарумен айналысқан.

Кейін конкурстың жеңімпаздары анықталды:

  • Есіл ауданы – "Taza Zher Capital" ЖШС;
  • Нұра ауданы – "Taza Zher Capital" ЖШС;
  • Сарыарқа ауданы – "Zero Waste" ЖШС;
  • Алматы ауданы – "Clean City NC" ЖШС.

Әкімдік мәліметінше, компаниялармен келісімшарттар 2024 жылғы 3 маусымы мен 7 маусымы аралығында жасалуға тиіс.

"Бұл ретте, тендерлік құжаттаманың 36-тармағына сәйкес, мердігер көлік құралдары, білікті басқару және техникалық персонал, өндірістік үй-жайлар және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу белгіленген мақсатқа толық дайын болған кезден бастап шартты орындауға кіріседі. Контейнерлерді жинауды, әкетуді, тасымалдауды және олардың толтырылуын қадағалауды цифрландыру (дайындық мерзімі 120 жұмыс күні)", - деді әкімдіктегілер.

Осылайша "Clean City NC" ЖШС тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау бойынша өз міндеттерін орындауды жалғастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113482-nelikten-aliia-nazarbaevanyng-kompaniiasy-astanada-ali-qoqys-shygarumen-ainalysady-akimdiktegiler-tusindirdi/