jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Telegram өз валютасын шығарды

Телефон мен әлеуметтік желілер
Телефон мен әлеуметтік желілер. Көрнекі фото: pexels.com

Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров мессенджердің ішкі валютасы – Telegram Stars іске қосылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Дуровтың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Telegram-ның ішкі валютасын қосымшаның шағын қызметтерін іске қосу үшін пайдалануға болады.

Сонымен қатар бұл валютаны цифрлық өнімдер ақысын төлеу үшін пайдалануға мүмкіндік бар: электронды кітаптар мен онлайн курстардан бастап Telegram платформасындағы ойындардағы заттарға дейін алуға болады.

Қосымшаны әзірлеушілер Telegram-да өз өнімдерін жарнамалап, әрі қарай дамыту үшін Stars қолданбасын пайдалана алады.

"Apple мен Google Stars-та сатып алу үшін 30 пайыз комиссия ұстайды, бірақ Telegram аталған қосымша арқылы сатып алынған жарнаманы субсидиялайды. Сол себепті әзірлеушілер Stars қосымшасын дамыту мақсатында оған қайта инвестицияласа, жалпы комиссия мөлшері шамамен 0 пайыз болмақ. Қосымшаларды Telegram-да іске қосу дәстүрлі мобильді қосымшаларды іске қосудан қарағанда әлдеқайда үнемді әрі тиімді", - дейді Дуров.

Telegram өз валютасын шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.