Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұршақ, найзағай, 42 градус аптап: демалыс күндері ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Көшеде кетіп бара жатқан адамдар
Көшеде кетіп бара жатқан адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстікте аптап ыстық болуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, 8-10 маусым аралығында Мәскеу облысынан соққан циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Көптеген аймақта оқтын-оқтын жаңбыр жауады; ал елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді, тіпті күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Алайда екінші жағынан Жерорта теңізінен Қазақстанға өте жылы ауа ағыны келеді. Салдарынан облыстың басым бөлігінде термометрлер +27...+35, оңтүстікте +35...+42 градусқа дейін көтеріледі.

Ыстықтың салдарын болдырмау үшін ҚР ТЖМ-ның ресми сайтында ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді, сондай-ақ:

  • ағзаны сусызданудан қорғау үшін көп су, күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу керек;
  • аптап ыстықта кез келген физикалық белсенділіктен бас тартыңыз;
  • күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабыңыз;
  • күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізбейтін киім (мақтадан жасалған) киіңіз.

Сондай-ақ күн ыстық кезде балаларға ерекше назар аударып, сақ болыңыздар деп ескертеді.

"Сонымен қатар азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларына сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері –халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралының сөндіргішінен ұшқыны, құрғақ шөп жағу, найзағай", - дейді ТЖМ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113917-burshaq-naizagai-42-gradus-demalys-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/