jitsu gif branding logo appbranding logo app

Астанада Момышұлы даңғылындағы учаске маусым соңына дейін ішінара жабылады

Астана қаласы
Астана қаласы. Көрнекі сурет: LUDOVIC MARIN/AFP via Getty Images

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Р.Қошқарбаев даңғылынан Қ.Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскедегі Б.Момышұлы даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Соған байланысты осы жылдың 8 маусымы күні сағат 20:00-ден бастап, 30 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша бір бағытта жүзеге асырылады", - делінген хабарда.

Жұмыстарды кезең-кезеңмен жүргізу жоспарланған:

1 кезең – Р.Қошқарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін.

2 кезең – Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Сәтпаев көшесіне дейін.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды", - делінген әкімдік сайтында.

Жабылатын даңғыл бөлігі
Жабылатын даңғыл бөлігі. Фото: Елорда әкімдігінің сайты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.