Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура "Қазселденқорғау" мекемесінің экс-басшысына шыққан үкімге қарсылық білдірмек

Опубликовано:

Бас прокуратура кеңсесі
Бас прокуратура кеңсесі. Фото: gov.kz

Бас прокуратура өкілдері "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты алқабилер шығарған ақтау үкіміне наразылық білдіретінін мәлімдеді. Бұл туралы қадағалаушы органға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бас прокуратура өкілдері 7 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К.Н. Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімін жариялағанын еске салды.

"Ол адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған.

Көрсетілген соттың үкіміне прокуратура оның күшін жою туралы апелляциялық өтінішхат келтірмек", - деп мәлімдеді прокурорлар.

Еске салсақ, бұл іс бойынша үш адам айыпталушы болды: "Қазселденқорғау" мекемесінің бұрынғы басшысы К., оның орынбасары А. және ЖШС директоры П.

Алқабилер алқасының шешімімен А. мен П. кінәлі деп танылып, оларға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал "Қазселденқорғау" компаниясының бұрынғы басшысы сотта ақталып шыққан.

Айта кетейік, былтыр желтоқсанның соңында "Қазселденқорғау" басшысы Кәрім Көкірекбаев пара алды деген күдікпен ұсталған. Сол кезде қазақстандық БАҚ Көкіребаевтың "BAZIS CONSTRUCTION" – "INFR" ЖШС филиалының директоры Андрей Поплавскийден 800 мың долларға жуық пара алу кезінде ұсталғанын хабарлаған.

Мамырдың соңында Антикор ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшыларына қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114265-bas-prokuratura-qazseldenqorgaudyng-buryngy-bastygyna-shyqqan-ukimge-narazylyq-bildirmek/