Қытай Қазақстанмен шекарадағы өткізу бекеттерін бір күнге жабады
Жарияланған күні:
Дүйсенбіде Қытайдағы "Дуань У" – Айдаһар қайықтары мерекесіне байланысты Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара бекеттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Телеарна ақпаратынша, 10 маусымда Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде көлік құралдары мен жүктерді өткізу тоқтатылады
Шектеу елдегі "Айдаhар қайықтары" мерекесіне байланысты болып отыр. Ал теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Айдаһар қайықтары фестивалі – Қытайдағы ең әсерлі мерекелердің бірі. Мереке 2,5 мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. Мереке барысында ескек есу жарысы өтеді.
Айдаһар қайықтары фестивалі жаз басталғанын білдіреді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114364-qytai-qazaqstanmen-shekaradagy-otkizu-beketterin-bir-kunge-zhabady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.