Мәдениет министрлігі ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петиция жайында мәлімдеме жасады
Опубликовано:
Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петицияны қарастыратынын мәлімдеді. Қазір өтініш 50 мыңнан аса қол жинаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хабарлама министрліктің Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды.
Онда "E-Petition.kz" ресми порталында "Біз Қазақстанда ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз" петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол жинағаны айтылған.
"ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жиналғаннан кейін Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды", - делінген хабарламада.
Алдағы уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі тараптардан, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестік өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырмақ. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2114613-madeniet-ministrligi-lgbt-ny-nasihattauga-qatysty-petitsiia-zhaiynda-malimdeme-zhasady/