jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

ІІМ: Қарағандыда "қара риелторлар" ісі бойынша 28 адам ұсталды

Қарағандыда күдіктілерді ұстау сәті
Күдіктілер. Видеодан кадр: polisia.kz

Қарағанды ​​облысының полицейлері 28 адамды ұстады.Тергеу нұсқасы бойынша, "қара риэлторлар" пәтерлерді өз атына заңсыз рәсімдеумен айналысқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ІІМ медиа-порталында жарияланған мәлімет бойынша, топ құрамына заңгерлер, адвокаттар және нотариус өкілдері кірген.

Олар қорқыту және зорлық-зомбылық көрсету арқылы зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдардың мүліктері мен пәтерлерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан.

Ведомство ақпараты бойынша, олар 14 пәтерді заңсыз рәсімдеген. Қылмыстық топтың белсенді бір мүшесі деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып шықты.

"13 мамырда тінту іс-шараларын жүргізу барысында әртүрлі жылжымайтын мүлік пен жеке тұлғалардың жеке деректеріне қатысты көптеген құжат тәркіленді. Қылмыстық топтың 28 мүшесі ұсталды. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп, аса ірі мөлшердегі алаяқтық дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

ІІМ: Қарағандыда "қара риелторлар" ісі бойынша 28 адам ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.