Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бұрынғы судьясы Германияда жоғалып кетті

Опубликовано:

Айгүл Сайлыбаева
Айгүл Сайлыбаева. Фото: kz.kursiv.media

Бүгін брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Германияда хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық әйелге қатысты істің жай-жапсарын баяндады. Әпкесінің жоғалып кеткенін экс-судьяның інісі мәлімдеген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"2024 жылғы 5 маусымда Франкфурт-на-Майнедегі Қазақстанның Бас консулдығына Қазақстан азаматтарынан 3 маусымда қызы жоғалып кетуіне байланысты арыз түскен. Бас консулдық бұл істі арыз келіп түскен сәттен бастап ерекше бақылауға алды. Дипломаттар жергілікті полицияға хабарлады, полиция жедел іздестіру шараларын бастап кетті", - деді СІМ ресми өкілі.

Оның сөзінше, сол елдің қолданыстағы заңнмасына сәйкес, қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейді.

"Біздің оған араласуға құқығымыз жоқ. Дипломаттар жоғалған азаматшаның туыстарымен тікелей байланыста. Полицейлер өте мұқият іздейтінін айтты. Бұл мәселені ерекше бақылауда ұстау үшін Германияның Сыртқы істер министрлігіне тиісті хат жолданды.

Қазір Германия тарабымен бірге Қазақстандағы туыстарына виза алу мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан азаматы Қанат Сайлыбаев Германияда әпкесі Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткенін хабарлаған болатын. Айгүл Сайлыбаева Астана қаласы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы және "Болашақ" бағдарламасының түлегі болған.

Қанат Сайлыбаевтың айтуынша, Айгүл ұзақ уақыт күйеуі мен енесінен зорлық-зомбылық көрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114910-qazaqstannyng-buryngy-sudiasy-germaniiada-zhogalyp-ketti/