Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің қай өңірінде алдағы күндері +40 градусқа дейін ыстық күтіледі

Жарияланған күні:

Жаз
Алматы. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

11-13 маусым аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ күшті жел соғады. Ал еліміздің батысында аптап ыстық күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алдағы үш күнде – 11-13 маусым аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Ең көп жауын-шашын 11-12 маусымда шығыс өңірлерде, 13 маусымда орталық Қазақстанда күтіледі.

Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы +20...+25 градусқа дейін ыстық болса, шығыс пен орталықта +22...+32 градустан +18...+26 градусқа дейін төмендейді, оңтүстікте ауа температурасы +33 ...+40 градустан +25...+35 градусқа дейін сәл төмендейді.

Ал Қазақстанның батысында ауа температурасы +33...+40 градусқа дейін көтерілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114952-elimizding-qai-ongirinde-aldagy-kunderi-40-gradusqa-deiin-ystyq-kutiledi/