jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматы маңында тойда әуеге оқ атқандар ұсталды

Ұсталғандар
Ұсталғандар. Фото: polisia.kz

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында атыс қаруы қолданылған тойдан кейін бірнеше адам ұсталды. KAZ.NUR.KZ бұл туралы ІІМ-нің ресми медиа-ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

"9 маусымда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында атыс қаруын қолданумен байланысты оқиға болды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлерімен барлық құқықбұзушылар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалған.

Қарулар тиісті сараптамаға жолданыпты.

"Тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Жалпы Алматы облысының полициясы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Қылмыстар санының тұрақты төмендеуі байқалып отыр. Дегенмен аудандық полиция басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылданады.", - дейді полиция өкілідері.

Айта кетейік, бұған дейін оқиғаның видеосы таралып, полицейлер оның қатысушыларын іздеп жатқанын хабарлаған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.