Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес күн бұрын үйінен шығып кеткен": БҚО-да аутизм диагнозы қойылған жас жігіт іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Игорь Исраилов
Игорь Исраилов. Фото: mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында 19 жастағы Игорь Исраиловты іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстары бес күннен бері жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Басылымның жазуынша, 19 жастағы Игорь Исраилов Бәйтерек ауданы Рубежинское ауылында тұрады. 6 маусымда ол үйінен шығып кетіп, әлі оралмаған.

Дереккөз ақпараты бойынша, жас жігітке аутизм диагнозы қойылған.

БҚО тұрғыны іздестіріліп жатқаны туралы ақпаратты Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Жоғалған күні Игорь қара футболка, ашық жасыл шорты және көк кроссовка киіп шыққан. Бойы 180 см, арық келген, шашы ақшыл.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе қаласында аутизм дертіне шалдыққан 13 жастағы жасөспірім жоғалып кеткенін жазған едік. Алайда бірнеше күн өткеннен кейін Елек өзенінен оның денесі табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115324-bes-kun-buryn-uiinen-shygyp-ketken-bqo-da-autizm-diagnozy-qoiylgan-19-zhastagy-bozbala-izdestirilip-zhatyr/