Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қара риелторлар": Қызылордада жүргізілген арнайы операцияның жай-жапсары айтылды

Опубликовано:

Полицейдің белдігіндегі кісен. Көрнекі сурет
Полицейдің белдігіндегі кісен. Көрнекі сурет. Фото: Friso Gentsch/picture alliance via Getty Images

Қызылорда облысында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, арнайы операция жүргізді: болжамды ұйымдасқан қылмыстық топ Қызылорданың тең жартысын үрейде ұстаған. Күдікке ілінгендерді ұстау жұмысының мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Арнайы операцияға қатысты кей мәліметтері белгілі болды. Ведомство ақпараты бойынша, құзырлы органдар банда басшысы мен оның бес негізгі көмекшісін ұзақ уақыт бойы ізін аңдыған.

Арнайы жасақ қызметкерлері бірнеше күн қатарынан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін жаппай ұстау шараларын жүргізді.

Кейбіреулері шалғайдағы фазендада, кейбіреулері қаладағы үйлерден ұсталып, қамауға алынған. Тінту кезінде ірі көлемдегі ақша мен қару-жарақ тәркіленді, олар алдын ала мәлімет бойынша, өздеріне кедергі жасаған адамдарды қорқыту үшін пайдаланылған.

Сондай-ақ телеарна мәліметіне сүйенсек, қылмыстық шиеленістерге қатысу, ойын-сауық мекемелерін бопсалау әрекеттері, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы бопсалау деректері анықталған.

"Қылмыс әлеміндегі күрделі байланыстарының салдарынан олардың қылмыстық топ әрекеттеріне қатысы барын дәлелдейтін айғақтарды жинау қиынға соқты. Барлық дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Атыс қарулары, травматикалық қарулар және ірі көлемдегі ақша тәркіленген. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабына сәйкес тергеу жүріп жатыр", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Дереккөз: КТК

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысының полицейлері 28 адамды ұстағанын жазған едік. Тергеу нұсқасы бойынша, "қара риэлторлар" пәтерлерді өз атына заңсыз рәсімдеумен айналысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115363-qara-rieltorlar-qyzylordada-zhurgizilgen-arnaiy-operatsiianyng-man-zhaiy-belgili-boldy/