jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

БҚО-да бірнеше күн хабарсыз кеткен жігіт табылды

Игорь Исраилов
Игорь Исраилов. Фото: instagram.com/policebqo

БҚО-да аутизмге шалдыққан 19 жастағы жігіт бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен болатын. Полицейлер оны шаруа қожалықтарының бірінен тапты, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Басылым мәліметінше, 19 жастағы Игорь Исраилов 6 маусымда Бәйтерек ауданы, Рубежинское ауылындағы үйінен шығып, осы күнге дейін оралмаған.

Жас жігітке аутизм диагнозы қойылған.

Игорьдің анасы полицияға 10 маусымда хабарласқан.

Арада бір апта өткенде Исраиловты Теректі ауданының полицейлері тапты. Ол сол аудандағы шаруа қожалықтарының бірінде болған.

"Шаруашылық басшысы оған Игорьдің өзі келіп, жұмысқа алуды сұрағанын айтты.

Қазіргі уақытта Игорьде бәрі жақсы, ол ата-анасына тапсырылды", - делінген басылымда.

Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті аутизмге шалдыққан 19 жастағы жігіттің жоғалып кетуіне қатысты мәліметтер жариялаған еді. Туыстарының айтуынша, жігіт жұмыс іздеуге кетуі мүмкін деген болатын.

БҚО-да бірнеше күн хабарсыз кеткен жігіт табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.