jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

БҚО-да хабарсыз кеткен 19 жастағы жігіт туралы жаңа деректер шықты

Игорь Исраилов
Игорь Исраилов. Фото: instagram.com/policebqo

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті аутизмге шалдыққан 19 жастағы жігіттің жоғалып кетуіне қатысты мәліметтер жариялады. Туыстарының айтуынша, жігіт жұмыс іздеуге кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 10 маусымда БҚО Бәйтерек ауданының Рубежка ауылының тұрғынынан полицияға хабарлама түскен.

Хабарламада 2005 жылы туған Исраилов Игорь Витальевич 6 маусымда сағат 08:20 шамасында үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмағаны жазылған.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оны іздеу үшін БҚО полиция департаментінің барлық жеке құрамына бағдар берілді.

Ол жұмыс іздеп кеткені белгілі болды. Бұрын ол бірнеше рет туыстарының ескертуінсіз кетіп, шаруа қожалықтарында жұмыс істеген екен.

БҚО полиция департаменті өкілдері жігіттің орналасқан жері туралы білсе, дереу полиция қызметінің 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

БҚО-да хабарсыз кеткен 19 жастағы жігіт туралы жаңа деректер шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.