Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азық-түлік корпорациясы" өкілдігінің директоры сот залында қамауға алынды

Жарияланған күні:

Судья
Судья. Көрнекі фото: KamiPhotos / Getty Images

"Азық-түлік корпорациясы" ҰК Қостанайдағы өкілдігінің директоры жемқорлық бойынша ісі қаралған сот залында қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қостанай облыстық сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай қаласының №2 сотында "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің директоры және де мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамға делдал арқылы елеулі мөлшерде пара бергені үшін "Олжа Агро" ЖШС бас директорының орынбасарына қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі, 367-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.

2023 жылғы маусымда "Азық-түлік корпорациясы "ҰК" АҚ Қостанай өкілдігіне "Олжа-Агро" ЖШС компаниялар тобынан жалпы көлемі 100 000 тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы түрінде тауарлық кредит алуға өтінімдер келіп түсті.

Директор қызметтік өкілеттігіне байланысты "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ-дан және Қостанай облысының үйлестіру кеңесінен "Олжа Агро" ЖШС компаниялар тобының тауарлық кредит беру талаптарына сәйкес келмеуі туралы мәліметтерді жасыру жолымен тауарлық кредитті заңсыз беруге жәрдемдесу мүмкіндігін қарастырып және заңсыз материалдық байыту мақсатында қылмыстық ниетпен берілген "Олжа Агро" ЖШС Бас директорының орынбасарынан көрсетілген іс-әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін пара алуды ойлайды.

2023 жылғы шілде айының басында "Олжа Агро" ЖШС компаниялар тобы үшін жалпы қамқорлығы және көлемі 100 мың тонна тауарлық кредитті заңсыз алуына жәрдемдескені үшін 350 000 теңге сомасында пара талап етеді.

Сотта сотталушылар кінәні мойындамады.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

"Сотталушылардың жеке басын, жасалған іс-әрекеттердің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, сот қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, директорға 3 жыл 6 ай, екінші ауыпталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Сондай ақ мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды", - делінген хабарда..

Айыпталушылар сот залында қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2117634-azyq-tulik-korporatsiiasy-okildigining-direktory-sot-zalynda-qamauga-alyndy/