Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан: қылмыстық іс прокурорға қайтарылды

Жарияланған күні:

Қылмыстық іс құжаттары
Қылмыстық іс құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін онлайн-трансляция режимінде Қарағанды облысында жедел жәрдем көлігі жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бұл туралы Жоғарғы сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тергеу органы оны жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне күш көрсетумен ұштасқан бұзақылық жасады деп айыптаған.

Сот отырысында қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптамасының қорытындысы жарияланды.

Сот отырысында прокурор қылмыстық істі басқа қылмыстық іспен байланыстыру үшін кері қайтару туралы өтінішхатын мәлімдеді.

Қылмыстық іс басқа қылмыстық іске қатыстылығы үшін прокурорға қайтарылды.

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісінің соққыға жығылуы

27 қаңтарда желіде Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан сәтінен видео тараған еді. Өңірлік полиция өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен ер адамның анықталғанын хабарлады.

Кейін оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдіріп, зардап шегушінің жағдайын айтты.

Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та пікір білдірді.

29 қаңтарда күдіктіге іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Сондай-ақ мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев жедел-жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер дамды тез арада табуды және оның сотын ашық жүргізуді талап етті.

1 ақпанда Бас прокуратура күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Кейінірек Ішкі істер министрлігі күдіктінің ұсталған сәтінен видео жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118678-qaragandy-oblysynda-zhedel-zhardem-zhurgizushisin-soqqyga-zhyqqan-qylmystyq-is-prokurorga-qaitaryldy/