jitsu gif

Павлодардағы нан сататын дүңгіршекте егеуқұйрық жүргені түсірілген видео тарады: кәсіпкерге айыппұл салынды

Нан сататын дүңгіршекте егеуқұйрық жүрген
Нан сататын дүңгіршекте егеуқұйрық жүрген. Видеодан кадр: t.me/tipavlo/

Павлодарда нан сататын дүңгіршек иесіне 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Видеодан кейін санитариялық дәрігерлер тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылым авторларының жазуынша, тұрғындар "Тандырный дворик" мекемесінің құжаттарын, мекеменің санитариялық нормаларға сәйкестігін тексеріп, егеуқұйрықтарды жоюды талап еткен.

"Біз азық-түлік өнімдерін сақтау және қызмет көрсету кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар бұзылғанын анықтадық", - деп хабарлады қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

Жеке кәсіпкерге 250 АЕК (923 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Оған заңбұзушылықтарды жоюға тапсырма берілген.

Еске сала кетейік, маусым айының басында желіде Павлодардағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде самсалар үстінде егеуқұйрық жүргені түсірілген видео жарияланған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.