Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халыққа "Жауап керек": KAZ.NUR.KZ билікке сіздің сұрағыңызды қояды

Жарияланған күні:

"Жауап керек" жобасы
"Жауап керек" жобасының иллюстрациясы. Фото: KAZ.NUR.KZ

KAZ.NUR.KZ редакциясы "Жауап керек" жобасын бастайды. Жоба бойынша, редакция тілшілері халықтың түйткілін билікке жеткізуді мақсат етеді. Нақты мәселелер бойынша ел көкейіндегі мәселелердің жауабын шенеуніктерден алып, жариялау – негізгі мақсат.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • KAZ.NUR.KZ редакциясы "Жауап керек" жобасын бастап, халықтың мәселелерін билікке жеткізуді мақсат етеді.
  • Оқырмандар әлеуметтік желілер мен электрондық пошта арқылы сұрақтарын жолдай алады, ал редакция оларды іріктеп, құзырлы органдарға жібереді.
  • Жоба халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, ел мәселелерін шешуге және үздік сұрақ авторларына ақшалай жүлде беруге бағытталған.

"Оқырманнан – сұрақ, шенеуніктен – жауап"

Жобада редакция тілшілері әлеуметтік желілерде оқырман сұрақтарын іріктеп, маңызы мен өзектілігі бойынша таңдайды. Сұрақтарыңызды мынадай жолмен жаза аласыздар:

Әр екі аптада бұл сұрақтар көкейтесті әрі өзектілігі бойынша іріктеліп, салалық ведомстволарға сауалхат ретінде e-otinish арқылы жолданады. Ескерте кетейік, сұрақ жолдаушы хатта сұрақ жолдаған оқырманның аты-жөні, байланыс ақпараты болғаны абзал. Алайда оқырман аноним түрде сұрақ қоя алады.

Іріктеп алынған сұрақтар қай құзырлы органға жолданатыны алдын ала әлеуметтік желілерде жарияланады.

Бұл айда Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің құзыретіне жататын сұрақтар қабылданады. Келесі айларда өзге ведомстволарға қатысты мәселелерге тоқталамыз.

Үздік сұраққа – ақшалай жүлде

Үздік сұрақты маңызы мен өзектілігі бойынша редакция анықтайды. Бұдан кейін KAZ.NUR.KZ әлеуметтік желілердегі парақшаларында жеңімпаздың есімі жарияланады.

Нені мақсат тұттық?

Негізгі мақсатымыз – оқырмандармен кері байланысты нығайту, халық пен билік арасында көпір болуға ұмтылу және ел көкейінде жүрген сауалдарға құзырлы органдардан ресми жауап алу, ел ішіндегі проблемаларды шешуге мұрындық болу.

Қоғамдағы мәселелерге бей-жай қарамайтын әрбір отандасымызды жобаға қатысып, ел мәселесін шешуге атсалысуға шақырамыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118735-halyqqa-zhauap-kerek-kaz-nur-kz-bilikke-sizding-suragyngyzdy-qoiady/