Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отарда комаға түскен сарбаздың оқиғасы: Тоқаев тапсырма берді

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәле Facebook желісінде хабарлады.

"Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті.

Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды", - деп хабарлады Берік Уәли.

Еске сала кетейік, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері комаға түскен сарбаздың жағдайы туралы пікір білдірген еді.

Ведомство мәліметінше, науқас Қордай аудандық орталық ауруханасына 9 маусымда сағат 08:18-де Гвардейск әскери госпиталінен жедел медициналық көмек көрсетілуі үшін "полисегментарлық пневмония" диагнозымен түскен. Жігітке оң жақ плеврит, 3-4 дәрежелі инфекциялық-токсикалық шок, сепсис, органдар жетіспеушілігі синдромы, мидың гипоксиялық ісінуі, 2-3 дәрежелі церебралды кома диагнозы қойылған.

Кейін сарбаздың туыстары видеоүндеу жасап, оқиғаның мән-жайын айтып берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118834-toqaev-otarda-komaga-tusken-sarbazdyng-isi-boiynsha-tapsyrma-berdi/