jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда жаңа үлгідегі жеке куәлік беріле бастады

Жеке куәлік
Жеке куәлік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда жеке куәліктің дизайны өзгерді – құжатта бірнеше жаңа жолақ пайда болды. Жаңа үлгідегі жеке куәліктер қазақстандықтарға 15 маусымнан бастап беріліп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство ақпараты бойынша, жаңа үлгідегі жеке куәліктің бет бөлігінде орналасқан жолақта адамның азаматтығы мен жынысы туралы қосымша мәліметтер жазылып тұрады. Бұрын бұл ақпарат құжатқа орнатылған чипте еді.

"Жеке куәліктің жаңа дизайнын жасау үшін бюджеттен шығындалудың қажеті жоқ, оған қоса ол азаматтардың жаңа құжаттарды алу үшін төлейтін мемлекеттік баж салығының сомасына әсер етпейді (2024 жылы мемлекеттік баж сомасы – 738,4 теңге).

Жарамдылық мерзімі өтпеген жеке куәліктердің заңды күші сақталады", - деді ІІМ өкілдері.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, құжаттарды бір мезгілде жаппай ауыстырудың керегі жоқ.

Яғни қазақстандықтарға жаңа үлгідегі жеке куәліктерді мынадай жағдайда алуға болады:

  • азамат жеке куәлікті ауыстыру туралы өтініш беріп, ала алады;
  • бұрынғы жеке куәліктің мерзімі өтіп кеткен жағдайда оны ауыстыруға өтініш бере алады;
  • өзге себептер бойынша қолданыстағы құжаттар жарамсыз болып саналса, жеке куәлікті ауыстыруға өтініш беру керек.
Қазақстанда жаңа үлгідегі жеке куәлік беріле бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.