jitsu gif

Қазақстанда жаңа ведомство ашылуы мүмкін

Папка ұстаған қызметкер
Папка ұстаған қызметкер. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда Туризм және спорт министрлігіне қарасты комитеттердің бірі қайта құрылып, одан жаңа ведомство бөлініп шығуы мүмкін. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті оның құрамынан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетін бөліп шығару жолымен қайта құрылсын", - делінген қаулы жобасында.

Құжат түсіндермесінде бұл жаңа комитет салалық мәселелерді дербес және жылдам шешуге мүмкіндік беретіні айтылған.

Қаулы жобасы 24 маусымға дейін қоғамдық талқыда болады.

Мамыр айының соңында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысымен күресетін жаға комитет құруды жоспарлап отырғаны хабарланған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.