jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Илон Масктың интернетіне қосылмақ

Starlink
Starlink. Көрнекі фото: Rafael Henrique/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев үкімет отырысында Илон Масктың спутниктік интернетінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану туралы жоспарларын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі SpaceX компаниясының Геостационарлық емес спутниктік жүйесінің технологияларын қолдану бойынша пилоттық жоба аясында 1883 мектептің ішінде 1485-іне Илон Масктың интернетін қосқан.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бұл мәселені талқылап, келісімге келу аясында біз төтенше жағдайлар кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін пилоттық жобаны кеңейтуді жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Айта кетейік, былтыр қарашада Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтар SpaceX-тің интернетіне кіруге арналған Starlink құрылғысын сатып жатқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, бұл байланыс жүйесіне заңсыз қосылған азаматтарға қандай айыппұл салынатынын мәлімдеген болатын.

Сол кезде ведомствоның бұрынғы басшысы Бағдат Мусин қазақстандықтар қашан Starlink интернетін заңды түрде орната алатынын айтты.

Биыл ақпанның соңында Қазақстанға Starlink интернетіне қосылуға арналған құрылғының бірінші партиясы келген еді.

Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов азаматтардың байланыс сапасына қатысты шағымдарына назар аударып, еліміздегі интернет жылдамдығын арттыруды тапсырды. Ол халықты сапалы байланыспен қамтамасыз ету мәселесі үкіметтің стратегиялық маңызды міндеті екеніне тоқталды.

Сондай-ақ бүгін жаңа цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша Ресей мен Қырғызстаннан озып түскенін мәлімдеді.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Илон Масктың интернетіне қосылмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.