Жоғарғы сот өкілі кейбір істерде жергілікті сотқа қысым жасалуы мүмкін екенін айтты
Жарияланған күні:
Мәжіліс кулуарында өткен брифингте Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов экстерриториалдық соттылық туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Осы жаңашылдыққа сәйкес, азаматтық істер бойынша қазақстандықтар басқа облыстың сотына жүгіне алады. Жоғарғы сот алқа төрағасы кейбір істерге жергілікті мемлекеттік органдардың сот трибунасы тартылатынын, олардың аймақта ықпалы болуы мүмкін екенін, судьяға қысым жасалуы мүмкін екенін айтты.
"Әр істің қарайтын сот белгіленуінің өзінің ережесі бар. Бұған дейін азаматтық істі өзі тіркелген тұрғылықты жері бойынша, қылмыстық істі қылмыс болған орны бойынша судья қарайтын еді. Азаматтық істер аясында экстерриториалдық соттылықты енгіздік. Үлкен даулар кезінде, экономикалық, мемлекеттік сатып алу аясында мемлекеттік органдар сот арбитасына тартылады. Мәселен мемлекеттік сатып алу аясында мемлекеттік орган шешім қабылдап, азамат онымен келіспесе, ол шешімін сақтап қалуға тырысады. Соттарға қысым көрсетілуі мүмкін. Кәсіпкер сот шешіміне сенбеуі мүмкін. Сондықтан эксаумақтық сотқа жүгінуді енгізейік деп ұсыныс айттық", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120157-zhogargy-sot-okili-keibir-isterde-zhergilikti-sotqa-qysym-zhasaluy-mumkin-ekenin-aitty/