Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда кейбір түлектердің ҰБТ сынағын тапсыру уақыты кейінге қалды

Жарияланған күні:

Емтихан тапсырып отырған талапкер
Емтихан тапсырып отырған талапкер. Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық тестілеу орталығы Алматыда кейбір түлектер үшін ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын тапсыру UStudy платформасындағы техникалық ақауларға байланысты кейінге шегерілгенін мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ орталыққа сілтеме жасап хабарлайды.

"UStudy серіктестері тарапынан шыққан техникалық ақауларға байланысты бүгін, 19 маусымда Алматыда өтетін ҰБТ басқа күнге ауыстырылды", - делінген Ұлттық тестілеу орталығының Instagram желісіндегі хабарламасында.

Соныменқатар бірінші лек 23 маусымға, екінші лек 30 маусымға ауыстырылды.

Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері болған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады.

Маусым айының басында кентаулық талапкер Айдос Қожанов тестілеуден өтіп, республика бойынша мүмкін болатын 140 ұпайдың 138-ін жинағаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120199-almatyda-keibir-tulekterding-ubt-synagyn-tapsyru-uaqyty-keiinge-qaldy/