Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат әр балаға 70 мың теңге төлеуді ұсынды

Опубликовано:

Кішкентай бала
Кішкентай бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде депутат Гауһар Танашева Қазақстанда әр балаға 70 мың теңгеден төлеуді ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Неге Қазақстанда бала тууды ынталандырмасқа? Бұл болашақта көпбалалы отбасы бола алатын жастарға бағытталуы керек. Келешекте қорықпай балалы болуы үшін оларды тұрғын үймен қамту (керек - ред. ескертпесі).

Өзім былтыр депутат болып сайланғанда әр балаға 70 мың теңгеден төлеуді ұсынғанмын. Бұл сома ең төменгі жалақыға тең болды. Мұны мен 2023 жылы ұсынған едім. Әрине, бұл сома да жеткіліксіз.

Бала санына қарамастан, көпбалалы отбасы ма, көпбалалы отбасы емес пе, отбасындағы бір балаға – 70 мың. Бір балаңыз бар ма? Сізге 70 мың теңге. Өйткені сіз осы Отанға қызмет ететін, оны қорғайтын, осында жұмыс істейтін, салық төлейтін, елімізді дамытатын Қазақстан азаматын дүниеге әкелдіңіз. Сондықтан біз әрбір адамды бағалай білуіміз керек", - деді депутат Гаухар Танашева.

Спикерге "Мұндай норманы қандай да бір нақты заң жобасына енгізу жоспарланып отырған жоқ па?" деген сұрақ қойылды.

Гаухар Танашева заң жобасын әзірлеу және енгізу оңай емес екенін айтып, қандай да бір түзетулер енгізіліп, қорытындыға жіберілгенін атап өтті.

Депутат 70 мың теңге төлем енгізу туралы алғашқы ұсынысында-ақ оған ақша жоқ екенін айтқанын мәлімдеді.

"Бұл сұрақты көтергенде, менің депутаттық сауалыма "шығыны көп норма" деген жауап алдым. Қаржыландыру жоқ. Бюджетте қаржы жоқ.

Бұл ән қазір де айтылып жатыр, ол мәңгі жалғаса береді. Бірақ біздің міндетіміз – ары қарай енгізу және енгізу" - дейді Гауһар Танашева.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120517-deputat-qazaqstanda-ar-balaga-70-myng-tengge-toleudi-usyndy/