jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Бақытжан Отарбаева
Бақытжан Отарбаева
Бұрынғы қызметкер

Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады: вице-министр жауап берді

Мақсат Қалиақпаров
Мақсат Қалиақпаров. Фото: primeminister.kz

БАҚ өкілдері көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Астана халықаралық әуежайында жөндеу жұмыстары аяқталып, ұшақтар қашан уақытысында ұшатынын сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ. тілшісі хабарлайды.

Астанадағы әуежайда жөндеу жұмыстарына байланысты кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейінгі рейстер тоқтатылған еді. Көлік вице-министрінің сөзінше, жөндеу жұмыстары кестеге сай уақытысында аяқталады.

"Астанадағы әуежайды жөндеу жұмыстары туралы айтатын болсақ, бас инвестор – Абу-Даби Ports, ол әлемде он бестен астам аэпортқа иелік етеді, халықаралық деңгейдегі инвестор. Техникалық аудит жүргізіліп, жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданды. Инвестор қалтасынан қаржы шығарып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстары – уақытша, аяқталған кезде бұрынғыдай аэропорт штатта бекітілген уақытпен қызмет көрсететін болады. Жөндеу жұмыстары бекітілген мерзімде аяқталады",- деді вице-министр.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстары наурыз айында басталды, 2025 жылдың көктемінде аяқталуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде Астана әуежайын БАӘ инвесторы – Abu Dhabi ports ірі порт және өнеркәсіптік компаниясына берілетіні белгілі болды. Инвестор – terminals Holding компаниялар тобы – Азия мен Африканың перспективалы нарықтарында тұтынушыларға қызмет көрсететін, сондай-ақ Abu Dhabi ports ірі порт және өнеркәсіптік компаниясымен байланысқан қарқынды дамып келе жатқан авиациялық кәсіпорын деп хабарланды.

Қараша соңында Көлік министрлігі Араб инвесторының келуімен Астана әуежайы Абу-Дабидегі әуежай стандарттары бойынша дамитынын хабарлады. Ведомство инвестордың ұшу-қону жолағы мен аэровокзал кешеніне жөндеу жүргізетінін атап өтті.

Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады: вице-министр жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.