jitsu gif

41 градус ыстық: еліміздің басым бөлігінде дауылдық ескерту жарияланды

Кітап оқып отырған ер адам
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 21 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде дауылдық ескерту жарияланған, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, орталығында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық 39 градус күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, батысында, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыста 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады.

Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтінше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарына найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.