jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Алдағы демалыста елімізде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Жаңбыр
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, жекелеген аумақтарда нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Бұл туралы "Қазгидрометке" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алдағы тәуліктерде Қазақстан Республикасының басым бөлігі циклонның ықпалында болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауылды жел тұрады, ал еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жаууы мүмкін.

Нөсер жаңбыр 22-23 маусымда еліміздің батысында, 22-24 маусымда солтүстік-батысында, 22 маусымда еліміздің солтүстігінде жауады деп болжанып отыр.

Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+35°C дейін, шығысында +31+39°C дейін жоғарылайды, еліміздің солтүстік-батысында +22+30°C дейін, оңтүстігінде +30+38°С дейін, оңтүстік-шығысында +25+38°С дейін төмендейді, солтүстігі мен орталығында +23+36°С мен +28+38°С аралығында өзгереді.

Алдағы демалыста елімізде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.