Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыйлауға тұратын жігіт": Бәпи басы дауға қалған Арман Шораевқа неліктен араша түскенін айтты

Жарияланған күні:

Арман Шораев
Арман Шораев. Фото: Facebook/Арман Шураев

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи мәселенің анық-қанығын білмей тұрып, әйел аадмды ұрды деп күдікке ілінген Арман Шораевқа не үшін жақтасып, пост жазғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бәпидің сөзінше, ол мән-жайды білмесе де, ел мүддесі үшін қызмет қылып жүрген азамат деп, қолдаған.

"Қазір үстінен қылмыстық іс қозғалды деп айтып жатыр ғой. Ол оқиғаның мән-жайын мен білмеймін. Факт дәлелденіп жатса, өкінішті дейміз. Өмірде бәрі болады ғой. Кейде өмірлік ситуацияларға тап болып жатасың ғой. Сондай ситуация шығар деп ойлаймын. Арман Шораевты жақсы білгеннен кейін оны қорғайын деп жаздым. Себебі халықтың, қазақтың мүддесіне араша түсетін, елдік мүддемізді қорғап жүрген азаматтарымыздың бірі. Оның ел үшін, қазақ үшін атқарып жүрген істері бәрінен зор. Біз оған қандай жағдайда да араша болуымыз керек. Азаматтық жағынан қарағанда, мен сыйлауға тұратын жігіт", - деді депутат.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде белгісіз біреу көлікке жармасқан әйелге күш қолданғаны түсірілген видео жарияланған. Ондағы ер адамды журналист Михаил Козачков Telegram-дағы арнасында қоғам белсендісі Арман Шораев деп атаған.

Кейінірек Арман Шораевтың өзі Facebook-тегі парақшасында жасанды интеллект құрбаны болғанын және Козачков бұл ақпаратына "жауап беретінін" мәлімдеді.

Сонымен қатар Астана полиция департаменті желіде тараған видеодағы азаматқа қатысты бірге тұратын әйеліне дене жарақатын салды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121852-syilauga-turatyn-zhigit-bapi-basy-dauga-qalgan-arman-shoraevqa-nelikten-arasha-tuskenin-aitty/