Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада көпқабатты ғимараттағы өрт оқшауланды

Жарияланған күні:

Астанада көпқабатты ғимаратта өрт шықты
Астанада көпқабатты ғимаратта өрт шықты. Фото: ТЖМ

Астанада көпқабатты ғимараттағы өрттің таралу қаупі жойылды. 180 шаршы метр алаңды қамтыған өрт оқшауланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

"Өрттің таралу қаупі жойылды. Алдын-ала болжам бойынша өрттің ауданы 180 шаршы метрге жеткен. Өртті жоюға 87 жеке құрам және 19 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 22 маусымда Астанада орталығындағы көпқабатты ғимаратта өрт шығып, 8 адам эвакуацияланды.

ТЖМ мәліметінше, ғимараттың сыртқы қаптамасы жанған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер 3 ранг бойынша жұмыс істеді.

"16 бірлік техника мен 72 адам жұмылдырылған. Ғимарат әкімшілік және жартылай тұрғын үй. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуациялау жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122194-astanada-kopqabatty-gimarattagy-ortting-taralu-qaupi-zhoiyldy/