jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанада биік ғимараттағы өрт толығымен өшірілді

Астанада көпқабатты ғимараттың сыртқы жабындысы өртенді
Астанада көпқабатты ғимараттың сыртқы жабындысы өртенді. Фото: ТЖМ

Елорда орталығында биік ғимарттағы жалпы ауданы 250 шаршы метрді шарпыған өрт толығымен өшірілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, жалынның алдын ала себебі: отты қолдану.

"2-ші қабаттан 27-ші қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің сыртқы қаптамасы мен жылытқышы жанған. Өрт кезінде өрт сөндірушілердің күшімен 12 адам эвакуацияланды. оның жетеуі бала", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр. Өртті жоюға 20 бірлік техника мен ТЖМ-нің 91 құтқарушысы жұмылдырылды.

Айта кетейік, 22 маусымда Астанада орталығындағы көпқабатты ғимаратта өрт шықты.

ТЖМ мәліметінше, биік ғимараттың сыртқы қаптамасы жанған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер 3 ранг бойынша жұмыс істеп, 70-тен астан адам өртті жоюға атсалысты.

"16 бірлік техника мен 72 адам жұмылдырылған. Ғимарат әкімшілік және жартылай тұрғын үй. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуациялау жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Астанада биік ғимараттағы өрт толығымен өшірілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.