jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан колледждеріне құжат қабылдау басталды

Оқу орны
Аудитория. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Абитуриенттер колледжде оқуға екі тәсілмен өтінім бере алады: 25 маусымнан бастап қағаз түрінде және 1 шілдеден бастап egov.kz порталы арқылы электронды нысанда.

9-сынып бітірушілер үшін құжат қабылдау мерзімі 25 маусымнан 18 тамызға дейін, ал 11 сынып бітірушілер үшін 25 маусымнан 20 тамызға дейін жалғасады:

  • шығармашылық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 20 шілдеге дейін,
  • педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 15 тамызға дейін.

Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалаврға түсушілер үшін оқуға қабылдау аттестаттың орташа балы негізінде жүргізіледі. Бағалап бөлу міндетті және бейіндік пәндердің орташа конкурстық балы негізінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Жұмысшы мамандығына түсетін түлектер әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.

Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша оқуға түсетін түлектер арнайы және шығармашылық емтихандар тапсырады немесе әңгімелесуден өтеді. Оны қабылдау комиссиялары жүргізеді. Оқуға түсушілер үшін конкурстар 19-25 тамыз, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 29 шілде – 2 тамыз аралығында өтеді.

Айта кету керек, талапкерлер құжаттарды бірден 4 колледжге 4 мамандық бойынша тапсыра алады. Биы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша барлығы 145 мың абитуриентті оқуға қабылдау жоспарланып отыр, бұл өткен жылдан 10 мың орынға артық.

Қазақстан колледждеріне құжат қабылдау басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.