Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін тестілеуден онлайн өту мүмкіндігі енгізілмек

Опубликовано:

Көлік жүргізуші
Көлік жүргізуші. Көрнекі фото: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев елімізде жүргізуші куәлігін алуға тест тапсырудағы үлкен кезек мәселесін қалай шешуді жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мәжіліс отырысында Жаслан Мәдиев Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға бағытталған тестті онлайн тапсыру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты.

"Жүйелік шараларға келсек: бүгінгі таңда біз прокторингті арқылы тестілеуді онлайн қылу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Мұндай механизмдер дамыған елдерде – АҚШ, Ұлыбритания, Австралияда қолданылады, сондықтан ол өте мұқият зерттелуі керек. Қазір тек теорияға қатысты айтып жатырмын.

Ал іске асыру тәжірибесіне келсек: бүгінде біз IT-компаниялармен бірге тестілеуден өту процесін бекітіп отыратын компьютерлік алгоритмдерді енгізу мүмкіндерін қарастырып жатырмыз. Яғни құрал-жабдықтардың, датчиктердің құнын төмендетуге көмектеседі, ал азаматтар туыстарының қарауында өз көліктерін тізгіндей алады, әрине. Осындай шараларды қарастырамыз", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124291-qazaqstanda-zhurgizushi-kualigin-alu-ushin-testileuden-onlain-otu-mumkindigi-engizilmek/