Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер мамырда тіркелген ауа райы рекордтары туралы айтып берді

Опубликовано:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: Pexels

2024 жылғы мамыр айында еліміздің көптеген өңірінде жауын-шашын нормадан 2-5 есе көп түскен. Мамандардың болжмынша, 90-шы жылдардағы антирекордтық температура көрсеткішін жаңартты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан аумағында мамыр айындағы ауа райы негізінен суық және ылғал болған.

Синоптиктер циклондар мен атмосфералық фронттардың жиі өтуіне байланысты көптеген аймақта жауын-шашын нормадан жоғары болды.

Мамыр айында Алматы облысында жауын-шашын көп болған. Метеорологиялық қызмет мәліметінше, жауын-шашын мөлшері 195,9 мм-ге жеткен, қалыпты мөлшер 139 мм.

Қазақстанның қалған бөлігінде жаңбыр жауып, арктикалық салқын массалары салдарынан күн суыған: түнде еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы -1...-5°С-қа дейін төмендеді.

Сонымен қатар керісінше еліміздің батыс және солтүстік-батыс облыстарында, сондай-ақ жергілікті жерлерде Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында керісінше құрғақшылық болды. Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек ауданында бір ай бойы жауын-шашын болмаған.

Елдің кейбір ауданында ең төменгі ауа температурасы бойынша рекорд жаңартылды, мысалы:

  • Ақтөбеде 5 мамырда ауа температурасы -3,6°С, 6 мамырда -2,5°С тіркелді, осылайша 2000 (-2,0°С) және 1990 жылғы (-1,8°С) рекордты жаңартты;
  • 20 мамырда Ақтауда түнде ауа температурасы +9,4°C болды, бұл да осы күн үшін рекордтық көрсеткіш болып шықты, алдыңғы рекорд 1997 жылы болған, ал +9,6°C;
  • 26 мамырда Батыс Қазақстан облысында Жусалыда рекордтық көрсеткіш тіркелді: түнгі ауа температурасы +3,4°C болды, бұл 1992 жылғы рекордты +4,0°C жаңартты.

Сондай-ақ, мамыр айында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жауып, екпінді жел сияқты құбылыстар жиі байқалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125089-sinoptikter-mamyrda-tirkelgen-aua-raiy-rekordtary-turaly-aityp-berdi/