Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келді
Жарияланған күні:
Читать на русскомTelegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келді. Бұған дейін Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев оны Қазақстанға шақырғанын айтқан болатын. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
KAZ.NUR.KZ өз дереккөзінің ақпаратына сүйене отырып, Кәсіпкер, бағдарламашы әрі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келгенін хабарлайды.
Жақында Цифрлық даму министрлігінің басшысы Жаслан Мәдиев Павел Дуровты Қазақстанға шақырғанын айтқан болатын.
"Менің ойымша, ол болашақта Қазақстанға келеді деп ойлаймын. Өзім де бұл үшін күш саламын. Талқылайтын нәрселер бар - бірлескен зертханаларды іске қосу, білесіздер Telegram жоғары технологиялық компания", - деді министр Мәдиев.
Айта кетейік, Дуров жақында Қырғызстандағы Ыстықкөлде болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125239-telegram-messendzherining-negizin-qalaushy-pavel-durov-astanaga-keldi/