jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Астанада аргентиналықтың 2 мың долларлық алтын көзілдірігі ұрланды

көзілдірік
Көзілдірік. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада аргентиналықтың көзілдірігін ұрлаған екі жігіт ұсталды. Көзілдіріктің құны 2 мың АҚШ долларына бағаланады, деп хабарлайды Massaget.kz.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, елорда полицейлері 77 жастағы аргентиналыққа 2 мың АҚШ доллары тұратын брендтік, күннен қорғайтын Ray-Ban алтын жалатылған көзілдірікті жедел қайтарып берді.  

"Ерлі-зайыптылар Азия қалаларын аралап, кейін Астанаға келген. Серуендеу кезінде ер адамдар оларға жақындап, суретке түсуді ұсынғаны анықталды. Дегенмен шетелдіктер бас тартқаннан кейін олардың бірі көзілдірікті киіп көруді өтінген. Осылайша олардың дәрменсіздігін пайдаланып, қашып кеткен", - деп жазылған хабарламада. 

Астаналық полиция қызметкерлері облыста жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 28 жастағы екі ер адамды анықтады. Олар сол күні елорда тұрғындарынан тағы үш ұялы телефонды ұрлаған. 

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы тексеріледі. Шетелдік қонақтар Астана полицейлеріне кәсібилігі үшін алғыс білдірді.

Астанада аргентиналықтың 2 мың долларлық алтын көзілдірігі ұрланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.