jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Павел Дуровтың Astana Hub технопаркінде жүрген кезі видеоға түсіп қалды

Павел Дуров Астанада
Павел Дуров Астанада. Фото: instagram/m_shaken/

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келді. Желіде оның "Astana Hub" IT-стартаптар халықаралық технопаркіне барған видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дуровтың эскалаторға мінген видеосын Instagram желісінде m_shaken атты қолданушы жариялады. Видеоның астындағы постта Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың "Astana Hub" IT стартаптарының халықаралық технопаркіне барғаны жазылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павел Дуровтың Астанаға келгенін жазған едік.

Жақында Цифрлық даму министрлігінің басшысы Жаслан Мәдиев Павел Дуровты Қазақстанға шақырғанын айтқан болатын.

"Менің ойымша, ол болашақта Қазақстанға келеді деп ойлаймын. Өзім де бұл үшін күш саламын. Талқылайтын нәрселер бар - бірлескен зертханаларды іске қосу, білесіздер Telegram жоғары технологиялық компания", - деді министр Мәдиев.

Айта кетейік, Дуров жақында Қырғызстандағы Ыстықкөлде болды.

РБК сайтының хабарлауынша, Павел Дуров 1984 жылы 10 қазанда мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Әкесі Валерий Семенович – филология ғылымдарының докторы, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің филология факультетінің классикалық филология кафедрасының меңгерушісі (1992-2013 жж.). Анасы Альбина Александровна да сол университетте сабақ берген.

Ол сондай-ақ "ВКонтакте" әлеуметтік желісін құрушылардың бірі. Сайт 2006 жылы оның туған күні – 10 қазанда ашылды. 2014 жылдың сәуірінде Дуров бас директор қызметін тастап, елден кетіп қалды.

Павел Дуровтың Astana Hub технопаркінде жүрген кезі видеоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.