Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр Мәдиев Дуров Астанаға не мақсатпен келгенін айтты

Опубликовано:

Астанаға келген Павел Дуров
Астанаға келген Павел Дуров. Фото: instagram/m_shaken

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бүгін Павел Дуровтың Астанаға келуі жөнінде пікір білдірді. Кеше әлеуметтік желіде Telegram мессенджерінің негізін қалаушы елордада жүргенін көрсететін видео тараған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министр Жаслан Мәдиев журналистерге Павел Дуровтың кеше Астанаға келуіне қатысты пікір білдірді.

"Біз оны шақырдық, ол келді. Менің ойымша, ол мұнда үш күн болады, Павел Дуров қазір Astana Hub-пен танысып шықты, біз оған Цифрлық даму министрлігін, АХҚО және өзге ұйымдарды көрсеткіміз келеді. Біз қонағымызға технология саласы қаншалықты дамығанын көрсеткіміз келеді.

Бізде экспортқа шығарылатын өнімдер бар. Біз адами капитал мен білімге көп көңіл бөлеміз. Менің ойымша, бізде көрсететін дүниелер баршылық. Қазір пікір алмасып жатырмыз. Ол да бізден бірдеңе алып, трендтерді зерттей алады деп ойлаймын", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125608-tsifrlyq-damu-ministri-pavel-durov-astanaga-ne-maqsatpen-kelgenin-aitty/