Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы орталық көшелердің бірі маусым айының соңына дейін жабылады

Жарияланған күні:

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астаналықтарға Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі 30 маусымға дейін толығымен жабылатыны ескертілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

"Осыған байланысты, 28-30 маусымы аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады", - делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдері Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлау керегін ескертті.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", - дейді ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125680-astanadagy-ortalyq-koshelerding-biri-mausym-aiynyng-songyna-deiin-zhabylady/