Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЖОО оқытушыларына арналған жазғы мектеп: білім берудегі жасанды интеллектің болашағы

Опубликовано:

Оқытушыларға арналған жазғы мектеп
Фото: NNEF Қоғамдық қоры

Алматыда "Білім берудегі жасанды интеллектің даму тенденциялары мен болашағы" тақырыбында жазғы мектеп өтті. Мұндай ауқымды шараны "NNEF" Қоғамдық қоры мен "University Alliance of Science and Technology" жоғары оқу орындар Альянсы бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шара еліміздің жоғары оқу орындарындағы пәндерді оқытудың мазмұны мен әдістемесін айтарлықтай жаңарту туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам болып отыр.

Жасанды интеллект жазғы мектебінің ашылуы

Жазғы мектептің мақсаты - адам және қоғам өмірінің барлық салаларына жасанды интеллектті белсенді енгізу жағдайында профессорлар мен оқытушылардың біліктілігін арттыру. Жазғы мектеп бағдарламасы мынадай 5 тректен тұрады: AI Essentials, Cognitive technologies, Natural Language, AI in Education and Science және Blockchain. Ол жасанды интеллекттің әлсіз (Narrow AI), күшті (AGI) және супер-ЖИ (Super AI) сияқты барлық түрін қарастырады. Сонымен қатар жазғы мектепте 3 жылдық оқуға арналған "Жасанды интеллект" бакалавриат деңгейіндегі жаңа білім беру бағдарламасы ұсынылды. Бағдарлама 2024 жылға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ҚР ҒЖБМ Жол картасына енді.

"ЖИ тез дамуда және экономиканың түрлі салаларында қажеттілікке айналуда. Біз бакалавриат пен магистратураға арналған ЖИ білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ 2024-2025 оқу жылында басталатын жеделдетілген білім беру бағдарламасын әзірледік. Жақын арада қазіргі еңбек нарығында ЖИ-мен жұмыс істеу дағдыларын игермеген маман сұранысқа ие болмай қалуы мүмкін", - дейдіХАТУ ректоры Асқар Хикметов:

"Сондай-ақ жазғы мектепте білім беруде ЖИ қолдану перспективаларын және білім беру бағдарламаларын өзгерту қажеттілігін талқылады. "Жазғы мектеп біздің алты жоғары оқу орнымыздың оқытушылары мен менеджерлерін тәжірибе және идеялар алмасу үшін біріктіреді. Жасанды интеллект барлық салаларда сұранысқа ие және біз осы технологияның қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз", - деп, ҚБТУ ректоры Маратбек Ғабдуллин іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Маратбек Ғабдуллин
Маратбек Ғабдуллин. Фото: NNEF Қоғамдық қоры

Бүгінде жазғы мектеп аясында Қазақстанның үздік университеттерінің оқытушылары өз үйренгендерін студенттерге беру үшін білім алуда.

"Бұл мектеп бір апта бойы болды. Бағдарламасы өте күрделі жасалынған. Жасанды интеллект саласы бойынша әртүрлі деңгейлерде тректер қойылған. Сол тректерді шақырылған қонақтарымыз жүргізді", - дейді ХАТУ оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректоры Аққыз Мустафина.

Оқытушыларға арналған жазғы мектеп
Фото: NNEF Қоғамдық қоры

ЖИ мамандарын даярлаудың маңызы

Жасанды интеллект жазғы мектебі оқытушылар мен студенттерді болашақ еңбек нарығының талаптарына сай дайындаудағы маңызды қадам, бұл қазақстандық мамандардың халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Түрік Гази университетінің Жасанды интеллект кафедрасының меңгерушісі, профессор Элмас Четин іс-шарадан алған әсерін былай бөлісті: "Өздеріңіз білетіндей, жасанды интеллект – бүкіл әлемде өте маңызды тақырып, сондықтан мен Қазақстан да осы саланы дамытып жатқанын көріп қуанып отырмын. Менің ойымша, жасанды интеллект жазғы мектебі бұл аймақ үшін өте маңызды оқиға. Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанын білемін. Жақын арада сіздің еліңіз аймақтағы ең дамыған елге айналады".

"Экономиканы, ғылымның кез келген саласында осы жасанды интеллектің қолдану деңгейін анықтай білетін мамандар өте қажет деп ойлаймын. Себебі, жаңа үрдіс. Сондықтан да оның плюсы, минусы, жақсы жағдайы да, келеңсіз жағдайлары болуы мүмкін. Қолданбас бұрын оның қай кезде пайдасы бар, қай кезде зияны бар екенін анықтайтын мамандар барлық салада керек деп ойлаймын", - дейді UIB ректоры Анар Махметова.

Анар Махметова
Анар Махметова. Фото: NNEF Қоғамдық қоры

Бүгінде Қордың білім беру мекемелерінде 30 мыңнан астам адам оқиды және 6 000 білікті педагог пен оқытушы ұлттың болашағына өз үлестерін қосуда.

Айта кету керек, жасанды интеллект бойынша жазғы мектепті жыл сайын өткізу жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125737-zhoo-oqytushylaryna-arnalgan-zhazgy-mektep-bilim-berudegi-zhasandy-intellekting-bolashagy/