Павлодар облысында жануарлар миллиондаған тексеруден өткізіледі
Жарияланған күні:
Читать на русскомПавлодар облысында ауыл шаруашылығы жануарлары 1,2 млн диагностикалық тексеруден өткізілмек. Бұл шаралар қауіпті ауруларды алдын ала анықтау үшін қажет, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, Павлодар облысында 1,5 миллионнан астам ауыл шаруашылығы малы тіркелген. Биыл ветеринарлар қауіпті ауруларды анықтау үшін 1,2 миллион диагностикалық тексеру жүргізуді жоспарлап жатыр.
Қазір 284 985 сиыр тексеруден өткізіліп, 0,5 пайызында ауру бары анықталған. Бұл былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 0,1 пайызға артық.
"Сонымен қатар жануарлардағы аса қауіпті аурулардың алдын алу жоспарланып жатыр. Ол үшін шамамен 8 млн профилактикалық манипуляция жасау керек. Бұл аймақта қауіпті ауруларға қарсы 4 миллионнан астам ветеринариялық препарат бар", - деді аймақтық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылтас Тілеубаев.
Оның айтуынша, облыс қалалары мен аудандарында барлық мал төліне оларды ажыратуға арналған биркалар тағылған.
"Ветеринария саласында цифрландыру кең өріс алып жатыр. Біз ветеринариялық мониторинг аясында ветеринариялық-санитариялық сараптау мен бақылауға жаңа шаралар енгізіп жатырмыз. Мал сою алаңдары мен ветеринария мамандары бар пункттер ет өнімдерінің қозғалысын бақылайтын зертханалармен жабдықталған", - деді ветеринария басқармасы эпизоотияға қарсы іс-шаралар бөлімінің басшысы Самат Мажиров.
Маманның айтуынша, мал сою алаңдары мәселесі өзекті. Малды стандартқа сай арнайы белгіленген жерлерде сою керек. Бұл адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін қабылданған шаралар.
Еске салайық, мамырда Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы қожалықтары кенемен күресуге көмектесуін сұрап, шенеуніктерге жүгінген. Ауыл тұрғындарының сөзіне сенсек, қазіргі таңда бірнеше бота жәндіктердің кесірінен қырылып қалған. Бірақ мемлекеттік қызметкерлер кенелерге қатысты жағдай бақылауда екенін хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125800-pavlodar-oblysynda-zhanuarlar-milliondagan-tekseruden-otkiziledi/