Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы тауларында жоғалып кеткен тағы бес адам табылды

Опубликовано:

Турист
Турист. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысы тауларындағы сарқырама маңында жоғалып кеткен 5 адам табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

1 шілге қараған түні ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының тауларында бес адамды іздестіріп жатқанын хабарлаған еді.

Іздестіру операциясы Қарасай ауданының "Девичьи слёзы" сарқырамасының маңында жүргізілді.

ТЖМ-нің таңғы сағат 7:50-дегі мәлеметі бойынша Алматы облысының тауларында туристер табылды.

"Құтқару қызметінің құтқарушылары туристер тобын тапты.

Қазіргі таңда топты түсіру жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы тауларында жоғалған жеті жасөспірім құтқарылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126571-almaty-oblysy-taularynda-zhogalyp-ketken-tagy-bes-adam-tabyldy/