Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шілдеде елімізде ауа райы қандай болады: синоптиктер болжамын жариялады

Опубликовано:

Жаз мезгілі
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. Мамандардың ақпаратына сүйенсек, айдың алғашқы он күндігінде елімізде қатты жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұруы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, шілденің алғашқы онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, солтүстік-батысты, солтүстікте және оңтүстік-шығыс өңірлердің таулы аудандарында қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады деп күтілуде. Ал еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

  • Солтүстікте, шығыста түнде +10...+15°С, күндіз +18...+28°С;
  • республика орталығында түнде +10...+18°С, күндіз +22...+28°С;
  • оңтүстік шығыста түнде +15...+20°С, күндіз +22...+30°С дейін ауа температурасы төмендейді.

Ал батыс пен оңтүстікте ауа температурасы түнде +12...+17°С-тан +20...+28°С-қа дейін, күндіз +27...+32°С-тан +35...+43°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Алғашқы онкүндік пен екінші онкүндік басында елдің басым аумағында қайтадан күн ыстық болады. Ал екінші және үшінші онкүндікте жаңбыр жауып, найзағай онйайды, сондай-ақ екпінді жел соғып, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.

  • Елдің батысында түнде от +15...+22°С-тан +19...+25°С-қа дейін, күндіз +28...+33°С-тан +33...+38°С-қа дейін;
  • солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +7...+17°С-тан +15...+23°С-қа дейін, күндіз +17...+27°С-тан +30...+37°С-қа дейін;
  • оңтүстікте және оңтүстік-батыста түнде +14...+23°С-тан +20...+28°С-қа дейін, күндіз +30...+36°С-тан +35...+43°С-қа дейін;
  • оңтүстік-шығыста түнде +10...+18°С-тан +17...+25°С-қа дейін, күндіз +25...+36°С-тан +33...+40°С-қа дейін көтеріледі деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126640-shildede-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikter-bolzham-usyndy/