Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық құрылыс компаниясы басы дауға қалғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Аяқталмаған құрылыс нысаны
Аяқталмаған құрылыс нысаны: astana.tv

Астанада құрылыс компаниясының басшылары "құрылыс жобамызды" тартып алып жатыр деп шағымданып, Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді. Алты жыл бұрын елордада он екі қабатты тұрғын үй құрылысын бастаған компания өкілдері қандай қиындықтарға тап болғанын баяндады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Компания өкілдерінің сөзінше, бірер жыл бұрын қаржылық қиындықтарға тап болып, мердігер компанияның көмегіне жүгінген. Алайда мердігер құрылыс компаниясына айтпай, пәтерлерді үлескерлерге сата бастаған, дейді телеарна тілшілері.

Көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы 2018 жылы басталған. Кейінірек құрылыс қаржылық қиындықтар салдарынан тоқтап қалған. Компания директоры Мұрат Тасов бұл мәселе бойынша «көмек көрсетіп, қаржыландырамыз» деп уәде берген мердігерлік компанияға жүгінгенін жеткізді. Алайда бір айдан соң мердігер пәтерлерді үлескерлерге сата бастаған, дейді ол.

«Бұл мердігерl3 бұған дейін танып6 білмегендіктен, олар бірден бас мердігерлік келісімшарт ұсынған. Бірақ мен: "бастапқыда алдын ала келісім шарт жасайық. Бір-бірімізбен танысайық. Мен сіздердің базаларыңызды, арнайы техникаларыңызды және бірінші кезекті қаржы жағын көрейін" деп ескерттім. Келісіп, бір айға алдын ала келісімшарт жасастық. 2021 жылы кездейсоқ «Крыша» сайтынан біздің пәтерлер сатылып жатқаны көріп қалдым», - дейді Тасов.

Құрылыс компания өкілдері бірден құқық қорғау органдары мен әкімдікке хабарласқан. Бірақ бүгінгі күнге дейін ешбір елордалық инстанция әрекет жасамады, дейді ол. Ал мердігер болса әлі күнге дейін салынып бітпеген пәтерлерді сатып жатыр, дейді телеарна тілшілері. Қазіргі таңда олардың 89-ы сатылып кеткен көрінеді.

«Неге бұлай болды? Себебі әкімдік ведомствоаралық комиссиямен келді. Комиссия келіп, біз үлескерлердің талаптарын қанағаттандыруымыз керек, кім кіммен жұмыс істемегенін анықтап жатпаймыз деп, шешім шығарды. Екі нақты критерий бойынша. Салынып бітпеген нысанды арам ниетті құрылыс компаниясынан алып алу керек деген. Мұнымен келіспеймін. Әлі ешкім үй салушы компания арам ниетті екенін дәлелдеген жоқ», - дейді олардың адвокаты Жасұлан Рахымғалиев.

Ал тағы бір қорғаушы Еркінбек Мынжанов мердігер компанияның директоры мен құрылтайшысы қамауда екенін жеткізді. Онымен бірге тағы 5 адам кінәлі деп танылған. Бұл ретте "Астана" телеарнасы құқық қорғау органдарына аталған жайт бойынша пікір сұрап, хабарласқан.

Компания басшылығы жоғарғы инстанцияға хабарласып, өздеріне тиесілі тұрғын үй кешені мен жер учаскесін алып қалуға ниетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127276-astanalyq-qurylys-kompaniiasy-basy-dauga-qalganyn-malimdedi/